Қызылорда облысының агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін соңғы үш жылда мемлекеттен 5,3 млрд. теңге көмек берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан соңғы үш жылда 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Ал биыл мемлекеттік қолдаудың көлемі 2008 жылмен салыстырғанда, бір жарым есеге дейін артқан. Сондай-ақ осы жылмен салыстырғанда, саланы қаржыландыру 63,7 пайызға ұлғайып отыр.