Қызылорда облысының әкімі Ақлақ пен Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысты

Фото: None
АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданына жұмыс сапары барысында Ақлақ және Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысып, балық өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақлақ су тоспасы 2006 жылы пайдалануға берілген болатын.Қазіргі таңда су тоспасы Сырдария өзенінен келіп жатқан суды Ақлақ су тоспасынадейінгі орналасқан көлдерге, шабындықтарға, каналдар арқылы жіберу үшін пайдаланылуда.

Ал, Көкарал су тоспасы 2005 жылдың қараша айындапайдалануға берілді. Су тоспасын салу нәтижесінде теңіздің құрғаған ұлтанынауданы 870 шаршы метрді құрайтын су басты. Теңіздегі судың көлемі 11,5 текшеметрге ұлғайды, ал судың минералдылығы 23-тен 17 г/л дейін азайды.

Бүгінгі таңда теңізде 24 балық түрі кездеседі, оның 13түрі балық түрі жақын және алыс шет елдерге экспортталуда.

Өткен жылдыңсоңында аталмыш өнім түрлері Қытайға экспорттала бастады.

Соныменқатар, өңірде жылдық қуаты 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты тұрақтыжұмыс істеп тұр. Оның ішінде 2 зауыт еврокодқа ие болды. Бүгін пайдалануғаберілген «Жалғасбай» ЖШС зауыты - аймақтағы 9-балық өңдейтін кәсіпорын.

Айта кету керек,соңғы бес жылда өңірдегі балық экспортының көлемі 9 есеге артты. Облыс балық өндіру және өңдеу көлемібойынша 3-орын алады.

Естеріңізгесала кетейік, Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналғанәлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында экология және табиғаттыпайдалану саласындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Көкаралбөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру жөніндегііс-шаралар да қарастырылған.

Сондай-ақ,кешенді жоспар аясында Қызылорда су торабын жөндеу көзделген. Соның нәтижесіндеоның апаттылық проблемасы шешіледі. Аталмыш жоспар аясында«Күміскеткен» мен «Қараөзек» су қоймаларының да құрылысыжүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар