Қызылорда облысының әкімі #Birge #TazaQazaqstan акциясына қатысты

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысы Арал ауданында республика бойынша өтіп жатқан #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы басталды. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов акцияға қатысып, қызылордалықтарды шараны өткізуде белсенділік танытуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияға ауданның 150 жуық табиғат пайдаланушысы, табиғатты қорғау ұйымдарыныңқызметкерлері, жергілікті тұрғындар және жастар қатысты.

«Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Сыр өңірінің дамуына ерекше көңіл бөлді.Бұған дәлел – «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстікбөлігін сақтау» (САРАТС) жобасы. «Ғасыр жобасының» бірінші кезеңі аясында «Ақлақ»және «Көкарал» су тоспалары салынған болатын. Соның нәтижесінде аймағымыздабалық шаруашылығы қарқынды дамуда. Баршаңызды қоршаған ортаны қорғауға жәнетуған өлкеміздің тазалығын сақтауға белсенді қатысуға шақырамын!»,- деді аймақбасшысы.


Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада #Birge #TazaQazaqstan республикалықэкологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министріМағзұм Мырзағалиев бастаған болатын.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі және оның орынбасарлары, министрлер мендепутаттар мен қала тұрғындары қатысты. 1 200-ден астам белсенді Қоянды су қоймасының аумағын тазалап, бірнеше сағат ішінде 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды.Әрі қарай эстафета аймақтарға жолданған еді.

Алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірді. БүгінҚызылорда облысының Арал ауданында Көкарал бөгетінің жанындағы аумақтазартылып, #Birge #TazaQazaqstan акциясы жалғасын табуда. Облыс әкіміҚуанышбек Ысқақов эстафетаны аймақтың барлық аудандары мен елдімекендерінежолдады.



Соңғы жаңалықтар