Қызылорда облысының әкімі мешітте болды

None
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Мешіт қашанда имандылық ордасы ретінде әрбір мұсылман жамағаттың өмірінде елеулі орын алады. Ұлтты ынтымаққа ұйытып, бірлікке шақыратын, рухты, жан-дүниеңді байытатын қасиетті орын. Міне осындай рухани орталықтардың бірі Қызылорда қалалық «Айтбай» мешіті мен облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және де бірқатар басшылар ат басын бұрды. Бұл туралы ҚМДБ мәліметтерінде хабарланды.

Ең алдымен облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қалалық «Айтбай» мешітінің хал -ахуалын көзбен көріп, тұрмыс-тіршілігімен танысып, кейіннен облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде болды. Қ. Көшербаев мешіт ауласын аралап сауат ашу орталығын салатын жерді көріп, орталық құрылыс жоспарларымен танысты. Мешітке кіріп құран оқытып, ата-бабалардың рухына құран бағыштап, ел ынтымағы мен бірлігін тілеп дұға етті.

Былтырдан тұрақты аудандармен сабақ өткізіліп келген скайп жүйесі арқылы облыс әкімі аудан имамдары және жамағаттарымен тілдесті.