«Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын бұл күнде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Жерлестеріміз ел келешегі үшін бірлік танытып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», - деді Н.Нәлібаев.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аймақта 373 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Электорат саны – 482 934 адам.
Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген дауыс берушілердің 43,46% бюллетень алды.