Қызылорда облысының әкімі Тwitter әлеуметтік желісінен өз аккаунтын ашты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Тwitter әлеуметтік желісінен өз аккаунтын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Онда облыстың жаңа әкімі Қуанышбек Ысқақов Твиттер әлеуметтік желісінде жеке парақша ашқаны айтылған.

«Қадірлі жерлестер! Өздеріңізбен үнемі тікелей байланыста болу мақсатында Twitter әлеуметтік желісінде жеке парақшамды ашуды жөн санадым (@IskakovKD / Ysqaqov Qýanyshbek). Мен әрқашан Cіздермен конструктивті диалогқа дайынмын» деп жазылған Қуанышбек Ысқақовтың Тwitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалғанын хабарлаған едік.