Қызылорда облысының әкімі Вьетнам елшісін қабылдады
Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан мен Вьетнам елінде ортақ ұқсастықтың көптігін тілге тиек ете келе, елшіні аймақта агроөндірістік кешенді дамыту, балық және күріш кластерін қалыптастыру, мұнай және газ саласы бойынша өзара ынтымақтастық аясында жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
Нгуен Ван Хоа Вьетнам Республикасының халқы, Президенті атынан Иса Бисеновке қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беріп, елді қорғауға атсалысқан еңбегі, ерлігі үшін алғысын айтты. Елші ардагердің өзіне және отбасына естелік сыйлықтарын табыстады.
Өз кезегінде Иса Бисенов сонау сұрапыл соғыс жылдарынан естелік айтып, осындай кездесу рәсіміне облыс әкімінің ерекше мән бергеніне алғысын жеткізді.
Жиын соңында аймақ басшысы соғыс ардагеріне отбасымен Вьетнам Социалистік Республикасына барып қайтуға қаржылай қолдау жасалатындығына уәде берді.