Қызылорда облысының әкімі жұмыс сапарымен Шиелі ауданында жүр
12:33, 14 Қыркүйек 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов бүгін таңертең жұмыс сапарымен Шиелі ауданына келді. Аймақ шекарасында күтіп алған аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев оны Көкшоқы елді мекеніне ертіп келді. Осы жерде әкімдер №6 кен басқармасының қаржысымен соғылғалы жатқан стадион құрылысының іргетасын қалауға қатысты.
Облыс басшысы бұл жерден шыққаннан кейін «Максим» қызмет көрсету орталығына келіп, оның халыққа қызмет ету жайымен танысты. Бұдан кейін Жиделіарық ауылдық округіне келіп, ауызсу құбырлары құрылысының жайын көрді.
Облыс әкімі осы күні Шиелі ауданының бірқатар елді мекендерінде болып, одан әрі Жаңақорған ауданына сапар жалғастырмақ болып отыр. Бұл ауылдарда ол биылғы егін орағы науқанының жүргізілу барысымен таныспақшы.