Қызылорда облысының ауруханасында ер адамда конго-қырым қанды безгегі диагнозы расталды

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жұқпалы аурулар ауруханасында 28 жастағы ер адамда конго-қырым қанды безгегі диагнозы расталды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі, 11 маусым күні 28 жастағы ер адамда конго-қырым қанды безгегі диагнозы расталды. Ол 8 маусымда Қызылорда облысының жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастың жағдайы ауыр.