деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-іне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, тілсіз жау бүгін таңғы сағат 4:54-те орын алған. Оқиға салдарынан мәдениет үйінің 250 шаршы метрді құрайтын шатыры өрт құшағына оранған. Өрт таңғы сағат 6:30-да Қызылорда облыстың төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 10 маманы мен 2 техникасының көмегімен ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.