Бұлардың 43 млрд. 793 млн. теңгесі - шағын, 59 млрд. 167 млн. теңгесі орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесіне тисе, 7 млрд. 539 млн. теңгесі жеке кәсіпкерлердің, ал 2 млрд. 645 млн. теңгесі шаруа (фермерлік) қожалықтарының күшімен пайда болған. Алайда, бұл көрсеткіштер Сыр бойы кәсіпкерлерінің жоғары табысқа жеткендерін куәландыра алмайды. Олар соңдарына тек Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарын ғана қалдырып, еліміз бойынша бар-жоғы 14-орынды еншілеп тұр.
07:51, 15 Қараша 2010
Қызылорда облысының бизнес құрылымдары жыл басынан бері 113 млрд. 144 млн. теңгенің өнімдерін өндірді
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Қызылорда облысының шағын және орта бизнес субъектілері үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 113 млрд. 144 млн. теңгенің өнімдерін өндірген.