Бұл туралы ҚазАқпарат Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған тұлғаға ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен күдік келтірілген.
Күдікті Қуанышбек Досмаилович Искаковқа қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды.
«Үйқамақ» бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген.
Қаулы заңды күшіне енбеген.