«Өңірлік саясат саласында Қызылорда облысының экономикасын әртараптандыру бойынша шаралар қабылданады. Осы орайда Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өзектендіріледі. Жоспарға өңір экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар енгізіледі», - деді министр.
Сонымен қатар Әсет Ерғалиев мүдделі мемлекеттік органдардар мен Павлодар облысы әкімдігінің қатысуымен Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспары әзірленетіндігін айтты.
«Кешенді жоспарлы Павлодар облыстық мәслихаты осы жылдың қыркүйегінде бекітеді», - деді ол.