ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Фердоуси Әбілқасымұлы Қожабергенов келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фердоуси Қожабергенов 1972 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», сондай-ақ «Болашақ» университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы жас техниктер станциясы үйірмесінің жетекшісі ретінде бастаған. 1992-2014 жылдары салық органдарының Қазалы, Арал және Сырдария аудандарындағы аумақтық бөлімшелерінде жауапты қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қазалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.