Бұл жоспардың 118 пайызға орындалғанын көрсетеді. Бұдан бөлек, кедендік бақылау нәтижесінде қосымша 300 млн. 240 мың теңге қаржы қазына қоржынын толтырған.
12:05, 16 Қараша 2010
Қызылорда облысының кеденшілері жылдың 9 айында мемлекетке 8 млрд. 29 млн. 106 мың теңге түсірді
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Бақыт Орданованың хабарлауынша, аймақ кеденшілері биылғы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет есебіне 8 млрд. 29 млн.106 мың теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарын өндірген.