Аймақта өнеркәсіп өндірісінің өсімі былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 2 пайызға артып отыр. Бұл туралы облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткізген тікелей эфир хабары кезінде мәлімдеді. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша өсім 65,3 пайызға өскен. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Осы кезде негізгі капиталға салынған қор 64,1 пайызды құрады. Бюджет саласында шығыс 106 млрд. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда, өсім 24 пайызға жеткен. Сол сияқты бюджеттің жан басына шаққандағы шығысы 113 828 теңгеге теңескен.
07:25, 08 Қараша 2010
Қызылорда облысының өңдеу өнеркәсібінде өрлеу бар
ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, аймақтың өңдеу өнеркәсібінде өрлеу бар.