Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен Қызылорда қаласының №2 сотына және Қармақшы аудандық сотына судьялар Жұлдыз Жәкеева және Ермек Құтыбаев тағайындалды.
Ж.Жәкеева Қызылорда облыстық сотының маманы, сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында біліктілігін арттырып, «заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алған.
Е.Құтыбаев прокуратура саласында қызмет атқарған.
Шара барысында алғаш тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант қабылдады.
Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.