Қызылорда облысының спортшылары Таллинде өткен халықаралық турнирде жақсы өнер көрсетті
19:02, 04 Сәуір 2016
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Таллинде (Эстония) күрес түрлерінен жастар арасында «Таллин оупен» X халықаралық турнирі өтті.
Грек-рим күресінен сынға түскен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 84 келіде Бағдат Үсенов қола жүлдені иеленді. Ал 74 келіде Айдос Мұхан 5-орынды еншілеп, шеберлігін шыңдады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа 20 елден 1800 спортшы қатысты.
Спортшыларды жарысқа грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Виктор Юн, бапкерлер Қанат Көбегенов және Райымбек Ғабиден дайындады.