ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына Қуаныш Қуантқанұлы Жанұзақов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қ. Жанұзақов 1982 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің іс-тіркеушісі ретінде бастаған.
2007-2013 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының жетекші маманы, бас маманы және бөлім басшысы.
2013-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Арал ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары.
2016 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында абыроймен қызмет атқарды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.