Еркебұлан Меңлібаев 1990 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің менеджері ретінде бастаған. 2010-2014 жылдары «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің және «Қызылорда студенттер альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы болды. 2014-2015 жылдары Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2015 жылдың қаңтар айынан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.