М. Делмұханов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген.
2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін - бухгалтер-экономист, 2006 жылы аталған университетті - заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2002-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау-эксперттік бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2010-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.