Оқиға бүгін, 27 қаңтар күні сағат шамамен 14.50-де болған. Көп ұзамай облыстық Ішкі істер департаментінің кезекшілік бөліміне атыс жөнінде хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшыларының іске дереу кірісуінің нәтижесінде сезіктілер қолға түсті.
«Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев.
Оқиға орнында ауыр жарақат алған азамат сағат 15.15 шамасында облыстық медициналық орталыққа жеткізілген.
«Бұл азамат ауыр жарақат алған. Ол аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді облыстық медицина орталығы директорының міндетін атқарушы Қанат Жүндабеков.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылорда қаласының орталығында атыс болғандығын хабарлағанбыз. Әлеуметтік желіде аталған оқиғаның видеосы пайда болды.
Әділет Қаңтарбаев