Қызылорда педагогикалық институтын бұдан 50 жыл бұрын бітіргендер бас қосты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін бұдан 50 жыл бұрын бітірген түлектер осы оқу орның қазіргі ізбасары - Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында бас қосты.

Жиында сөз алған белгілі академик Әбдімәлік Нысанбаев, ардагерлер Батырхан Остаев пен Шыңғыс Айбосынов студенттер алдында оқу орнында өткен жылдарынан естелік айтып, қоғам дамуындағы өзгерістер жайлы тебірене әңгімелеп берді.