ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер әлеуметтік желіде талқыға түскен актер Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімет таратты.
Қызылорда облысының полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу белгісі стандартқа сәйкес болмағандықтан «Cadillac» автокөлігін тоқтатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Тоқтату барысында кеңестік және қазақстандық кино, театр актері, режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына байланысты деректі фильм түсіріліп жатқаны белгілі болды. Ескерту жасалғаннан кейін автокөлікке сол жерде тиісті мемлекеттік нөмірі тағылды», - деп мәлім етті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғыны несие әперем деп танысының 5,6 млн теңгесін қалтасына басқан еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.