Қылмыстылар ортасында «Аққозы» деген лақап аты бар бұл «беделді» жақында құлып астынан босанып, азаттыққа шыққан екен. Өзі тұратын Қазалы ауданына келген бойда бір тұрғынға ақша мен мал бойынша салық салып үлгерген ол біраз уақыт соның арқасында тіршілік етеді. Ақырында салық төлеуші одан бас тартпақ болады. Осынысы үшін қатты таяқ жеп, бір жылқы мен 150 мың теңге дайындап қоюға тапсырма алады.
«Аққозы» ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ретінде есепте тұрады, - дейді баспасөз хатшысы. - Ал аталмыш арнайы операцияны өткізу барысында ол жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды».
Қазір сезіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.