Қызылорда облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысының полицейлерімен бірлесіп, тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының екі тұрғынын Алматыдан ұстады.
Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (атыс қаруын қолданып, жасалған бұзақылық) және 24-бабы 3-бөлігі мен 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары (бұзақылық ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге өлтіруге оқталған) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталып отыр.
Ұсталған екі күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер күдіктілерді Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапқан.
Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.