М.Мәметова атындағы Қызылорда мемлекеттік гуманитарлық колледжінде «Жастар - нашақорлыққа қарсы!» ұранымен спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оның барысында спорттық сайыстар, флеш-мобтар, тақырыптық концерттік бағдарлама көрсетілді.
Ал Қазақ гуманитарлық заң-техникалық колледжінің студенттері арасында есірткіге қарсы акция өткізілді. Оның барысында, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, діни және медицина саласының өкілдері, студенттер аталмыш мәселе жайлы өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шара тақырыптық ән-күй, театрлық қойылымдар мен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ағымдағы жылдың басынан бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері осындай 115 іс-шара ұйымдастырып, оларға 5500 адам қатысты.