Қызылорда стансасында Атырау-Алматы пойызының қатынауы тоқтатылды
08:40, 29 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 29 қазанда Қызылорда стансасында Атырау-Алматы бағытындағы №78 жолаушылар пойызының қатынауы уақытша тоқтатылды.
ҚТЖ баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұған дизель-генератор вагонындағы техникалық ақаулық себеп болған.
Бұл құрылымға «Patentes Talgo S.L.» компаниясы техникалық қызмет көрсетеді.
Жолаушыларды ары қарай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Мәскеу-Алматын бағытында жүретін №8 жедел пойызына қосымша 8 купе вагоны тіркелді.