«Қызылорда тазалығы» қысқа дайындығын көрсетті

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының коммуналдық сала қызметкерлері мен техникалары қысқа дайын. Бұған қар аралас жаңбыр жауып, қала көшелері көктайғақ болғанда көз жетті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтынан хабарлады.

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін «Қызылорда тазалығы» мекемесінің техникалары жұмылдырылды. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін тазалық жұмыстарымен 12 мердігер айналысып келген-ді. Ал биыл облыс әкімінің тапсырмасымен «Қызылорда тазалығы» мекемесі құрылды. Аймақ басшысының қолдауымен коммуналдық және тазалық жұмыстарын жүргізетін мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 812 млн. 938 мың теңге бөлініп, жаңадан 92 техника сатып алынды.