деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.
Жолаушылар пойызы сағатына 60 км жылдамдықпен келе жатқан кезде жол жөндеушілер Дәрментөбе стансысының кезекшісі арқылы машинистке пойыз құрамының соңынан санағанда 2-ші вагонында тарсыл естілгені туралы хабарлады. Пойызды тоқтатып тексерген кезде вагонның доңғалақ жұптарында сырғақтар табылған. Жолаушылар басқа вагондарға көшірілді. Пойыз бұдан әрі сағатына 3-5 км жылдамдықпен жақын арадағы Дәрментөбе стансысына тартты. 100 метрден кейін аталған ақаулы вагонның 2-ші арбасы жолдан шығып кетті.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазалы және Төретам стансыларынан қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Зиян шеккендер жоқ. Вагонның рельстен шығып кетуі неліктен болғаны анықталып жатыр.
Оқиға болған жерге «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылары, «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы Қызылорда облысындағы бөлімшесінің өкілдері аттанды.