Арал ауданы Тасбөгет елді мекенінің тұсында Қызылорда қаласының тұрғынын ұстады. Оның «Ауди 100» автокөлігінен қапқа салынған 208 дана ақбөкен мүйізі табылды. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен бірге Арал аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд барысында Арал ауданы Жіңішкеқұм елді мекені маңынан 6 ақбөкеннің етін «Урал» мотоцикліне артқан Ақбай ауылының тұрғынын қолға түсірді.