ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 55 жастағы азамат абайсызда кәріз құдығына түсіп кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қызылорда қаласындағы «Ягодка» саяжайы аумағындағы тұрғын үйдің бірінде болды. Тұрғынның денесі құдықта бірнеше күн жатып қалған. Өйткені, үйінде өзінен басқа ешкім болмаған.
«Азамат оқиға орнында көз жұмған. Кәріз құдығының тереңдегі шамамен 1 метрге жуықтайды. Қазір мәйіт полиция қызметіне өткізілді. Оқиғаның себебі анықталуда. Тұрғын кәріз құдығында төрт-бес күн жатып қалуы мүмкін. Оның себебі сараптама негізінде анықталады», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.