ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада танысынан қомақты ақшаны алдап алып кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны алаяқтық құрбаны болғаны жөнінде арыз түсірді.
Оған танысы қомақты көлемде несие алып беретінін айтқан.
«Нәтижесінде алаяқ танысынан 5,6 млн теңге ақшаны қалтасына басқан. Қылмысты ашу бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Бұл бойынша 49 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлім етті басқармадан.
Ведомство мәліметінше, күдіктіге қолхатпен босатылған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған адам ұсталған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.