Қызылорда тұрғыны өз қорасынан қызу өлшегіш құралдарын және сынап құйылған құтыны тауып алды

None
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордада жекеменшік тұрғын үйдің иесі қорасын жинастыру кезінде

10 дана көлемінде өндірістік қызу өлшегіш құралдарын және сынап құйылған (шамамен 200 мг) темір құтыны тапты, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нен.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-нің 3 адамы, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансаның 2 адамы барды. Табылған заттарды жою жөнінде мәселе шешілуде.