Қызылорда тұрғыны сора өсіремін деп сорлап қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сора еккен азамат 3 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық сотқа  сілтеме жасап.

Сотта, азамат Б-ның Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылынан батысқа қарай 16 шақырым жерде қалың тоғай арасынан жер тауып, сол жерде жататын орнын дайындап, ipi мөлшерде, барлығы 72 түп болатын құрамында ecipткi заттары бар, өcipyгe тыйым салынған сора өсімдіктерін заңсыз егіп-өсіргені анықталды.

 Сот үкімі бойынша сотталушы Б. кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, заң қолданысқа енгізілген күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірі, яғни 1 жылын қысқартып, жазасы 3 жыл деп белгіленді.

 Үкім заңды күшіне енді.