ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде қолды болған әскери қызметшілерге тиесілі қарулар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болған.
Әскери қызметшілерге тиесілі 1 АК-74 маркалы – 1 және ГП-25 маркалы 1 қару жергілікті тұрғынның үйінен табылды.
«Аталған қарулар қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардқа ұрлыққа түскендер ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.