Қызылорда қаласының тәртіп сақшылары «Ташкент-Мәскеу» бағытында жылжып бара жатқан № 5 пойыздың №28 вагонынан Өзбекстанның 1961 жылы туылған жұмыссыз азаматын ұстады. Ол Ташкент стансасынан Самара стансасына қарата бет алып бара жатқан. Полиция қызметкерлері оны Қызылорда-Жалағаш стансасында қолға түсірді. Ұсталған азаматтың мүліктерін тексеру барысында одан 57,26 грамм гашиш табылды.
14:14, 14 Наурыз 2012
Қызылорда-Жалағаш стансасында 57,26 грам гашиш алып бара жатқан Өзбекстан азаматы ұсталды
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - «Өткен тәулікте Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментіне қарасты аумақта 7 қылмыс тіркеліп, олардың 4-еуінің ізі суымай ашылды», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.