СЫРДАРИЯ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол апатында әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолы бойында болды. Сол аумақтағы жанармай бекеті маңында «Volkswagen» және ВАЗ-2107 көліктері соқтығысқан. Оқиға орнында әйел адам оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидасын бұзып, абайсызда адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Қызылордада қоршауды соққан жүргізуші жансақтау бөліміне жатқызылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.