Қызылорда жастары бүгін Мәуліт айы мерекесін тойлады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордадағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында «Дін және жастар» атты шара өткізілді.

Қазақстан студенттері альянсының Қызылорда қалалық филиалы бұл акцияны бүгінде жастар өміріне еніп бара жатқан жат уағызды Валентин күніне қарсы қимыл ретінде ұйымдастырды. Шараның сондай-ақ жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастарды имандылыққа баулу, қасиетті Мәуліт айын жас буын ортасында кеңінен насихаттап түсіндіру мақсаты болды.     

Шара барысында оқу орындарында «Жастардың көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел болы. Бұл күні олар                                                                                                                                                                                                                                                                                                                «Тәрбие негізі - иман» тақырыбында дін қызметкерлерімен кездесу өткізді. Содан соң «Қош келдің, Мәуліт» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Шараға мешіт имамдары, психолог мамандар, оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі қызметкерлері, тәлімгерлер, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.