Кездесу барысында миинстрге «Қызылорда-Жезқазған» пойызының бағдарын Астанаға дейін созуға бола ма?», деген сұрақ қойылған болатын.
«Ол пойызды созуға болатын шығар. Бірақ, менің білуімше, бүгінгі күні Жезқазғаннан Астана арқылы Көкшетауға баратын пойыз бар. Сіз айтқан пойыз бойынша мен теміржол басшылары алдында мәселе көтеретін боламын», - деді Жеңіс Қасымбек.
13:13, 12 Маусым 2017
«Қызылорда-Жезқазған» пойызының бағдары Астанаға дейін созылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқапарат - Бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Қызылорда-Жезқазған» пойызының бағдарын Астанаға дейін созу мәселесін қарастыратындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.