Қызылорда-Жезқазған тасжолы келесі жылы жөндеуден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда-Жезқазған тасжолы келесі жылы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылордалықтар аталған тасжолға мол үміт күтіп отыр. Себебі ол Қызылорда мен Астананы қосатын ең төте жол және 1917 шақырымнан 1100 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Инвестиция және даму министрлігіне құны 36,9 млрд. теңгенің сметасы жолданды.