ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық төтенше жағдайлар саласының мамандары Қызылорда мен Жезқазған арасындағы автожолда қалып қойған жолаушыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жолаушылар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» тас жолында ауа райының қолайсыздығынан сапарын жалғастыра аламаған. Тас жол үстіндегі көктайғақ салдарынан жолаушылары бар автобустың ілгері жылжуға мүмкіндігі болмаған.
«Жасақ құтқарушылары Қызылорда-Жезқазған тас жолында 84 шақырым қашықтықта 10 адамы бар «Астана-Қызылорда» жолаушылар автобусына көмекке келді. Зардап шегушілер ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Құтқарушылар жолда қалған адамдарды Қызылорда қаласына алып келді», - делінген Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.