ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігінің өңірлік департаменті 2016 жылғы электр энергиясына жүргізген тексеру қорытындысына орай осындай шешім қабылдады.
Департамент директорының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенованың айтуынша аймақтағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдар биылғы жылдың 1 тамызынан бастап тарифтерін азайтады. Оның ішінде «Энергосервис» ЕЖШС килловатт сағатта тұтынылған (ҚҚС-пен) энергия тарифін 18,67 теңгеден 17,74 теңгеге дейін, «Шиелі Жарығы» ЖШС 19,08 теңгеден 18,45 теңгеге дейін, ал «Дәулетэнерго» 14,24 теңгеден 14,06 теңгеге дейін төмендетеді.
Сонымен қатар, департамент 2016-2017 жылғы жылу маусымына жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК мен «Теміржолсу Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылу құнын сырттағы ауа температурасымен сәйкестендіріп қайта есептеу жөнінде ұйғарым берді.