ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 11 тамызда елорда уақытымен сағат 19.10-де Сырдария ауданы аумағындағы Қараөзек стансасы маңындағы дария бойында болған. Облыс орталығында тұратын екі бала белгіленбеген аумақта суға шомылған.
«Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері 2 техникамен іздестіру шарасын бастап кетті. Әзірге олардың мәйіті табылған жоқ. Бұл жерде полицейлер де қызметін атқарды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада достарымен суға түскен 22 жастағы жігіт дарияға батып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.