Ғасыр-ғұмыр иесі өмір өткелінде көп қиындықты көрді. Соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, берекелі істі бекем етті. 1929 жылдары әкесі қуғынға ұшырап, бұл отбасының басына көп тауқымет түсті. Рәбиға апай ашаршылықты көзбен көрген бүгінгі куәгердің бірі. Одан бері де масақ теріп, күріш те ақтады. Сол еңбектің зейнетін де көрді. Жан жары Мырзахмет екеуі шаңырақ көтеріп, 6 баланы өмірге әкелді. Қазір мәуелі бәйтерек секілді сол ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр. Шөбере-шөпшек сүйіп, әулеттің әзиз анасына айналды.
«Бүгінде еліміздің бейбіт өмір сүріп отырғаны қуантады. Осы орайда Елбасының көреген саясатын жоғары бағалаймыз. Біз көп қиындық көрдік. Әрдайым бейбітшілік бола берсін», деді абзал ана.
Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған акция барлық аумақтық филиалдарда жалғасын тапты.
Әділет ҚАҢТАРБАЕВ.