ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 11 жастағы ер бала дарияға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға дарияның сол жағалауы аймағында болды. Онда 2009 жылы дүниеге келген ер бала дарияға батып кеткен.
«Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында жұмыс істеуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, бүгін Қызылорда қаласында 25 жастағы жігіт Сырдарияға суға батып кетті.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 23 адам суға батып көз жұмған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.