ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Атыраудан келген екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Қызылорда облысында оронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді. Оның 9-ы - Қызылорда қаласының, екеуі - Қазалы ауданының тұрғындары. Науқастардың ең үлкені 1951 жылғы ер адам болса, ең жасы - 2007 жылы туған қыз бала.
«Бұдан бұрын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты 7, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қауіпті топтарды скринингтеу барысында - 2, Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істейтін 2 адамнан вирус анықталды. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 266 адам тіркелген. Оның ішінде 216 адам емделіп шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.