Ол Шиелі ауданының 14 тұрғынына жер учаскесін алып беремін деп алдап, ақша алған. Бұл іс бойынша жәбірленушілердің талап арызы қанағаттандырылды.
«Шиелі аудандық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушыдан жәбірленушілер пайдасына қылмыстық әрекетпен келтірілген зиян өндірілді. Сот үкімі апелляциялық сатыдағы сот алқасында қаралып, үкім өзгеріссіз күшінде қалдырылды. Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енген», - деді Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов.
Ведомство мәліметінше, облыста алаяқтық қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 417-ден 316-ға (24%) төмендеген. Ол бүгінгі күнге дейін тіркелген 1673 қылмыстық құқық бұзушылықтың 18%-ын құрайды.
Жергілікті соттарда биылғы жылдың 5 айында 23 адамға қатысты 21 қылмыстық іс қаралды. Олардың арасында 18 іс бойынша айыптау үкімдері қабылданған.
Еске салсақ, Қызылордада алаяқтық қылмысының басым бөлігі интернет арқылы жасалған.