ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 14 жастағы жасөспірім каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 26 мамырда сағат 17.07 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тұратын 2007 жылы дүниеге келген жасөспірім арнайы белгіленбеген орында суға түскен.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті және оған қарасты мекемелерден 40-қа жуық мамандар қажетті техникалармен келді. Оқиға орнына полиция да келді. Жасөспірімнің денесі жағаға шығарылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Еске салсақ, Қызылордада каналдағы суға батып кеткен баланың денесі екі күннен бері іздестірілуде.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.