ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қаланың 17 және 21 жастағы тұрғындары пәтер ұрлығы үстінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық шара барысында пәтер ұрыларын ұстады. Тергеу барысында олардың 5 ұрлық және 3 тонау қылмысына қатысы бар екендігі анықталды. Олардың қылмыстары толық дәлелденді. Заттай дәлелдеме ретінде ұрланған бірнеше зат алынып, жәбірленуші азаматтарға қайтарылды.
«Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) және 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.